Әскер

“Үш жылда 270 сарбаз қайтыс болған”: Айгүл Орынбек

Заңгердің айтуынша, әскери қызметкерлердің «жауынгерлік кезекшілікке» демалыссыз түседі

Қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбек әскердегі сыбайлас жемқорлық, сарбаздардың өлімі туралы дабыл қақты. Оның жазуынша, үш жылда 270 сарбаз қайтыс болған, деп хабарлайды newsroom.kz

Заңгердің айтуынша, әскери қызметкерлердің «жауынгерлік кезекшілікке» демалыссыз түседі.

«Біз той тойлап, қонақ күткенді қатырамыз, бірақ өзіміздің азаматтардың жағдайын жасауға келгенде тырықтық жасаймыз! Бейбіт уақытта үш жылда 270 сарбаз қайтыс болған. Соғыс болып жатқан көрші ел Ресей мен Украинада бұндай көрсеткіш жоқ шығар. Кім кінәлі? Әрине, сыбайласқан жемқорлық! Әскери бөлімдерді жайлаған сыбайласқан жемқорлықты көп әскери қызметкер ашынып айтқысы келеді. Бірақ соңында өздері қудаланатынын біліп үндемейді. Қаншама қызметкер ақиқатын айтып, арыз жазып соңында өздері қудаланған.

Бізде адам өліп жатса да жүйеге қарсы шығуға болмайды! Себебі жүйелі түрде мына елді жеп отырғандар көп! Бас Әскери Прокуратура! Әскери қызметкерлер жұмысқа «жауынгерлік кезекшілікке» демалыссыз түсетінін білесіңдер ме? Әскери қызметкерлерден әр премиядан қолма қол ақшаларын жинап алатынын білесіңдер ме? Сарбаздардан ақша жинайтынын білесіңдер ме? Әрине білесіңдер, арыз жазғандарды қудалап «ештеңе анықталмады» деп жылы жауып қоя саласыңдар! Кейде сендерге жемқорлықтың ашылғаны керек емес сияқты көрінеді.

Мақпал апамның арақ ішкені емес, «бейбіт заманда сарбаздар неге өледі?» деп неғып шуламайсыңдар? Қоғамнан талап күшейгенде мемлекет алға дамиды! », – деп жазды Айгүл Орынбек желідегі парақшасында.