Ауыл шаруашылығы жерлерін мақсатқа сай пайдалану керек – Президент
Мемлекет басшысы «Надеждинка» ЖШС-нің егіс алқабын аралады
Мемлекет басшысы «Надеждинка» ЖШС-нің егіс алқабын аралады,- деп хабарлайды newsroom.kz
Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерімен әңгімелесіп, егінді уақтылы жинап алу, еңбек өнімділігін арттыру және аграрлық салаға жаңа технологиялар енгізу, ауыл шаруашылығы жерлерін мақсатқа сай пайдалану маңызды екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет отандық фермерлерді қолдауды жалғастыратынын және табысты жобаларды жүзеге асыруға көмек көрсететінін жеткізді.
Сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өнімді жұмыс істеп, ауылды дамытатын шаруашылықтарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетініне назар аударды