Sportroom

ДКО: Екі спортшымыз мас-рестлингтен қола жүлдені иеленді

ДКО аясында мас-рестлингтен 31 мемлекеттен 98 спортшы бағын сынап жатыр

Бүгін саха халқының ұлттық спорты мас-рестлингтен медальдарды сарапқа салынды. Қазақстандық екі спортшы қолда жүлдеге ие болды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Мас-рестлингтен ерлер арасында 65 келі салмақ дәрежесінде Бірімжан Асылмұрат үшінші орынға таласты монголиялық спортшы Тцеренцогол Пуревсуренмен кездесіп, қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті. Осылайша, Асылмұрат V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолда жүлдесін қанжығалады.

Одан бөлек, әйелдер арасында 55 келі салмақ дәрежесінде отандық спортшы Тахмина Қожамбердиева үшінші орынға таласта Мажарстаннан келген қарсыласын 2:0 есебімен тізе бүктірді. Тахмина Қожамбердиева Қазақстан қоржынына мас-рестлингтен екінші медаль салып отыр.

Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында мас-рестлингтен 31 мемлекеттен 98 спортшы бағын сынап жатыр.