Жаңалықтар

Сүйінші! Батыр Бексауыт жамбы атудан алтын алды

Қазақстан спортшысы Батыр Бексауыт жамбы ату спортының Азия стилі бойынша алтын жүлдеге ие болды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Спортшылар 11 топқа бөлініп, өз тобынан мықтылар келесі айналымға шықты. Жарыс нәтижесі бойынша Батыр Бексауыт алтын жүлдеге ие болды. Күміс медальді Айтбек Сарыбай еншілесе, қола жүлдені Ералхан Айкөз иеленді.

Жамбы атудан бәсеке «Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда өтіп жатыр. Сайысқа 27 мемлекеттен 78 спортшы тіркелген.