Алматыға алғаш рет Илон Масктың анасы келеді
Мэй Маск Алматыда өтетін BeWoman Ортаазиялық әйелдер форумына қатысады
Америкалық кәсіпкер, Tesla негізін қалаушы Илон Макстың анасы Мэй Маск биыл қазанда алғаш рет Алматы қаласына ұшып келеді,- деп хабарлайды newsroom.kz
Мэй Маск 17 қазанда Алматыда өтетін BeWoman Ортаазиялық әйелдер форумына қатысады. Бұл туралы іс-шараның ұйымдастырушылары мәлімдеді.
Қонақ алматылықтармен денсаулық, қартаю, гендерік теңдік, балаларды жалғыз асырау мен қиындықты еңсеріп, өзіңе деген сенімділікті арттыру тақырыбында әңгіме өрбітеді.
Айта кетелік, Мэй Маск екі ғылым магистрі дәрежесі бар диетология ғылымдарының докторы. Ол 45 жылдан астам уақыт бойы өзінің тамақтану бизнесін басқарады және кеңес береді.
Маск Оңтүстік Африканың кеңесші диетологтар қауымдастығының бірінші өкілі, Канаданың кеңесші диетологтар президенті және АҚШ-тың тамақтану және диетология академиясының диетология кәсіпкерлерінің төрағасы болды.
Сондай-ақ АҚШ-тағы "диетология саласындағы көрнекті кәсіпкер" марапатына ие болды.