Sportroom

Олимпиада ойындарының күміс жүлде иегері Нариман Құрбанов шаңырақ көтерді

Парижде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, спорттық гимнастшы Нариман Құрбанов шаңырақ көтерді. Оның таңдауы әріптесі Аида Бауыржановаға түскен,- деп хабарлайды newsroom.kz

Кеше, 8 қыркүйек күні Аида Бауыржанова ұзатылды. Спорттық гимнастика өкілі ұясынан ұшқан күннің видеосын Instagram-дағы парақшасына жариялады.

Одан бөлек, спортшының қалыңдығының үйіне келген сәтін TikTok желісіндегі Жансая Айдосова есімді қолданушы да жүктеген.

Айта кетелік, Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан Олимпиада ойындарында жүлде иеленген тұңғыш қазақстандық спортшы атанды.