Жаңалықтар

Маңғыстаудағы сарбаз өлімі: Іс қасақана адам өлтіру бабымен тергеледі

Іс бойынша процестік прокурор тағайындалды

Бас әскери прокуратураның мәліметінше, тергеу органы күдіктіні Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібімен ұстап, Ақтау қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алған,- деп хабарлайды  newsroom.kz

Қажетті кешенді тергеу амалдары жүргізілуде, қылмыстың себептері мен өзге де мән-жайлар анықталуда. Іс бойынша процестік прокурор тағайындалды.

"2024 жылғы 7 қыркүйекте сағат 17:10 шамасында Ақтау қаласындағы ҚР ҚМ әскери бөлімдерінің бірінің взвод командирі "Оймаша" полигонының аумағында ПМ табельдік тапаншасынан қатардағы Б-ға оқ атып, соңғысы қайтыс болды. Сол күні Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы қасақана кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады (ҚК 99-бабының 1-бөлігі)", – делінген хабарламада.