Саха Республикасының басшысы Астанаға келді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Айсен Николаевты қабылдады
Саха Республикасының (Якутия) басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Астанаға келді,- деп хабарлайды newsroom.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Айсен Николаевты қабылдады. Кездесуде өңіраралық ықпалдастықты нығайту және екіжақты байланыстарды кеңейту мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлер арасындағы ынтымақтастықты жан-жақты дамыту Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастардың ажырамас бөлігі саналатынын атап өтті.
Мемлекет басшысы Саха Республикасымен өнеркәсіп, сауда, IT-сектор, ауыл шаруашылығы және кен игеру индустриясы секілді түрлі салаларда ынтымақтастықты күшейтуге айтарлықтай мүмкіндік бар екеніне назар аударды.