"Жалғыз ұлымды әскерге бердім": Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздың әкесі видео жариялады
Дамир Көшеев атты азамат сарбаздың әкесімін деп таныстырды
Маңғыстауда қаза тапқан мерзімді қызметтегі сарбаздың әкесі қорғаныс министріне жан-жақты тергеу жүргізуді талап еткен видео үндеу жолдады,- деп хабарлайды newsroom.kz
Instagram қолданушысы Дамир Көшеевтің парақшасында өзін Маңғыстауда қаза тапқан мерзімді қызметтегі сарбаздың әкесімін деп таныстырған азаматтың видеоүндеуі жарияланды.
"Менің түсінігім бойынша, мылтықты ату үшін патронды патроннике қойып, сақтандырғыштан алып тастап, шүріппені басу керек. Бұл ойыншық емес және бұл офицер онымен ойнаған жоқ. Қорғаныс министрінен іс тығырыққа тірелмей, оны мұқият зерделеуін сұраймын. Оқиға кездейсоқ болған жоқ (...). Жалғыз ұлымды әскерге жіберіп, мәйітін алып тұрмын", - деді ер адам видео хабарламасында.