Ризабек Айтмұхан Испанияның Понтеведра қаласында 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінің жеңімпазы атанды,- деп хабарлайды newsroom.kz
97 келіде белдескен балуанымыз қарсыластарының бәрін айқын басымдықпен ұтып, өзінің мықтылығын мойындатты.
Алғашқы айналымда әлем чемпионы, ирандық Абдулфаазл Бабалуды 12:1 есебімен ұтса, ширек финал мен жартылай финалдағы қарсыластарын да уақытынан бұрын жеңді.
Ал финалда әзірбейжандық Касрановты 10:0 есебімен ұтып, екі дүркін әлем чемпионы атанды.