Асылхан Мамашұлы: Асқар Садықовқа бәрі жабылып буллинг жасады

Асқар Садықовқа Перуашев өз құзыреті бойынша тәртіптік шара ғана қолдана алады

Фото: Qazyr.kz

"Ақ жол" төрағасы Азат Перуашев біреудің хатын екі жақтың келісімінсіз жариялағаны үшін мандатын тапсырып, жауапқа тартылуы керек. Конституцияда әркімнің жеке хат-хабар құпиясына кепілдік берілген. Перуашев соны бұзды. Бұл туралы тілші Асылхан Мамашұлы өз Facebook парақшасында жариялады,- деп хабарлайды newsroom.kz

Асылхан Мамашұлының айтуынша, егер ол хатта харассмент белгісі болса "Ақ жол" партиясының депутаты Асқар Садықовқа Перуашев өз құзыреті бойынша тәртіптік шара ғана қолдана алады. Бірақ ол екі адамның өзара хатын жариялауға құқығы бар деген сөз емес. Заң бойынша хатты сотта судья мен адвокат және прокурор ғана оқиды. Содан соң ғана харассмент пе, жоқ па деген құқықтық баға беріледі.

Азат Перуашевтің олай баға беруіне еш құқығы жоқ. Хатты қыздың сұрауы бойынша жойдым дегеніне қарағанда онысын кеш ұқса керек. "Ақ жолдан" шығарылып, депутаттықтан кетірілген Асқар Садықовқа бәрі жабылып буллинг жасады, кінәсіздік презумциясын аяқ асты етті.

Садықовты танымаймын, көп алдында сөйлегенін бір-екі рет тыңдағам, коммент те алғам. Көп депутаттан ілгері, көшелі адам секілді көрінген.

Бір қызға харассмент жасады ма, жоқ па онысын білмеймін. Харассмент жасағаны үшін ғана депутатты мандатынан айыратын болса бүгінде мерзімінен бұрын сайлауды қайта-қайта өткізіп жатар едік,- деп жазды  Асылхан Мамашұлы

Жүктелуде...