Адвокат Ләззат Ахатова Әнарудың марқұм анасына құран бағыштады
Бұл туралы Ләззат Ахатова өз Facebook парақшасында жариялады
Адвокат Ләззат Ахатова Әнару Құрманәлімен мешітке барып, Әнарудың анасына құран бағыштады. Бұл туралы Ләззат Ахатова өз Facebook парақшасында жариялады,- деп хабарлайды newsroom.kz
Әнарудың анасының аруағына бағыштап, жеті шелпек пісіріп, мешітке барып, құран оқыттық. Әнару шелпектерді өз қолымен пісірді. Қамырын мен ашытып кеткем) Үстіндегі көйлек менің көйлегім) Өзім тіккем. Тігіншілік өнерімнің алғашқы туындысы ғой Мамасының киімін киіп алғандай қолпылдатып, "матасы жайлы, күштіі екен" деп, келсе, киіп алады.
Орталық мешітке барайық деген Әнарудың ұсынысы. Әкесі Қалдыбек ағамыз бен аяулы әпкеміз Ақмаржанның Алла алдындағы некесін қиған кісі қазір осы мешіттің бас имамы екен,- деп жазды адвокат.