Жаңалықтар

Алматы облысында полиция қызметкерлері есірткі зертханасын жойды

Жүргізілген сараптама 1,2 келіден астам кептірілген марихуана екенін растады

Талғар ауданында полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынның есірткі зертханасын анықтап, жойды, – деп хабарлайды newsroom.kz 

“Құқықтық тәртіп” және “Қарасора – 2024” жедел-профилактикалық іс-шаралары шеңберінде жүргізілген операция барысында өз үйінде есірткі зертханасын жасаған Қызылқайрат ауылының 36 жастағы тұрғыны ұсталды.

Жүргізілген сараптама тәркіленген өсімдік жалпы салмағы 1,2 келіден астам кептірілген марихуана екенін растады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, есірткі құралдарымен заңсыз айналысқаны үшін оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Полиция ықтимал тарату арналары мен қылмыстық әрекетке қатысушыларды анықтауға бағытталған тергеуді жалғастырып жатыр. Айта кету керек, жыл басынан бері өңірдің тәртіп сақшылары он екі есірткі зертханасының қызметін тоқтатты, олардың үшеуі құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру бойынша тікелей жұмыс істеген.