Қайрат Әбдірахманов Қазақстанның Нидерландтағы елшісі болып тағайындалды
Мемлекет басшысы Қазақстанның Швеция және Нидерланд Корольдігіндегі елшілерді ауыстырды
Президент Жарлығымен Сергей Нұртайұлы Нұртаев Қазақстанның Швеция Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен бостатылды. Бұл лауазымға Олжас Мұхамедғалымұлы Сүлейменов тағайындалды,- деп хабарлайды newsroom.kz
Сондай-ақ Тоқаев Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахмановты Қазақстанның Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындады.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды”, – деп жазды Ақорда.