Шымкент қаласында есірткі өндіретін жасырын зертхана жойылды
Есірткі заттарының кезекті партиясын дайындау кезінде екі шетелдік ұсталды
А.ж. тамызында ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен Шымкент қаласында синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты жасырын зертхананың әрекетін тоқтатты,- деп хабарлайды newsroom.kz
Есірткі заттарының кезекті партиясын дайындау кезінде екі шетелдік ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
Айта кетелік, шамамен 4 кг «мефедрон» психотроптық заты, 50 литр прекурсор, шетел валютасында ақшалай қаражаттың ірі сомасы, сондай-ақ «синтетика» дайындауға арналған зертханалық жабдық алынды.
ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Сондай-ақ, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
-