“18 оқушыдан жауап алынды”: Ақтөбе облысында 9- сынып оқушысы қаза болды
Марқұмның туыстары тергеу амалдарының нәтижесін күтетінін айтты
Қайғылы оқиға 2 қыркүйек күні түнде оқушылар арасындағы төбелес салдарынан орын алған,- деп хабарлайды newsroom.kz
Жан тапсырған оқушы қазан айында 15 жасқа толуы керек еді. Марқұмның туыстары тергеу амалдарының нәтижесін күтетінін айтты.
Темір ауданы әкімдігінің айтуынша, мән-жай тергеу кезінде анықталады. Ал Ақтөбе облыстық білім басқармасы оқыс оқиғадан кейін зерделеу жұмыстарының күшейгенін хабарлады.
Полиция дерегінше, ауыл мектебінің 18 оқушысынан жауап алынып, 2 адам күдікті ретінде қамалды. Аталған мәселеге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.