Жаңалықтар

Роза Рымбаева әкім Берік Әбдіғалиұлына ескерту жасады

Жеті қат жер астына түсіп, кен өндіретін аймақтарда мереке тойланып жатыр

Бүгін елімізде Кеншілер күні. Жеті қат жер астына түсіп, кен өндіретін аймақтарда мереке тойланып жатыр. Сондай өңірдің бірі - Ұлытау облысына қарасты Қаражал қаласы. Ауыр кәсіп иесі кеншілердің кәсіби мерекесіне ортақтасып келген Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева облыстағы жол сапасын сынады, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Qaz365.kz.- ке сілтеме жасап.

«Қаражалға қуана-қуана келдім. Түні бойы жол жүрдім. Ұйықтаған жоқпын. Оның үстіне жолды бұл жақтың жолын білесіздер. Секіріп-секіріп әзер жеттік. Жолды жөндеу керек, бастықтардың құлағына алтын сырға. Мен жарайды, анда-санда бір келемін. Ең бірінші сіздер ғой сол жолмен жүретін», - деді Роза Рымбаева.