Алматыда 56 жасында белгілі қазақстандық продюсер және режиссер Әзизжан Зайыров өмірден өтті, деп хабарлайды newsroom.kz
Бұл туралы бүгін, 3 қыркүйекте оның жұбайы мәлімдеді.
Қымбатты достар, бүгін біздің Әзиз өмір жолын аяқтады. Сағат 01:45-те №7 Қалалық клиникалық ауруханада жансақтау бөлімінде көз жұмды. Оның жолы жарқын болды. Оған бәрі үшін рахмет, — деп жазды ол.
Әзизжан Зайыров – режиссер, продюсер, сценарист, қоюшы-режиссер, қоғам қайраткері, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы.
Ол ерекше тағдыр иесі еді. Балалар үйінде өсті, 12 жасында екінші топтағы мүгедектікке ұшырады, көшеде түнеді, аштыққа ұшырады, бірақ уақыт өте өз өмірін қолына алды. Нәтижесінде ол жақсылық пен махаббатты үйрететін өмірлік фильмдер түсірді.