6 айдан астам комада жатқан Ербаян Мұхтардың ісі не болды ?
Министрдің айтуынша, Ербаян Мұхтардың жағдайы әлі де ауыр
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова әскери борышын өтеп жүріп басынан жарақат алған әскери қызметкер Ербаян Мұхтардың жағдайын баяндады,-деп хабарлайды newsroom.kz
Министрдің айтуынша, Ербаян Мұхтардың жағдайы әлі де ауыр.
"Біз науқастың жағдайын қадағалап отырмыз. Егер қандай да бір көмек қажет болса, жәрдем беруге дайынбыз. Тағы да тексеріп, қадағалайсыз. Егер қарайтын қосымша кадрлар қажет болса, қамтамасыз етеміз", – деді Әлназарова.
Журналистер министр Әлназаровадан, ауруханадан шыққаннан кейін Ербаянға қажетті көмек, жеке гигиеналық құралдар не себепті берілмегенін сұрады.
"Жаялықпен қамтамасыз ету мәселелері негізінен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатады", – деді Әлназарова.