Атырауда қызмет бабында қаза тапқан полицей Шалқар Ақымғалиев оқыған мектепте кадет сыныбы ашылды, – деп хабарлайды newsroom.kz
Атырауда ерлікпен қаза тапқан Шалқар Ақымғалиевтің атына өзі түлеп ұшқан Береке орта мектебінде кадет сыныбы ашылды. Сыныптың ашылу рәсіміне полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев, Шалқар Ақымғалиевтің анасы Ләззат Мұқанова мен інісі Мейіржан Көшкінбайұлы қатысты. Тәлім-тәрбиесі, мақсаты ауқымды шарада өзгенің өмірін құтқарып, ерлікпен қаза болған полицей Шалқардың өмір жолы, ерлігі, қызмет атқарған жылдары туралы деректер айтылды. Ал кадет сыныбының алғашқы мүшелері өз Отанының қорғаушысы болуға, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытудағы алғашқы сабағын бастап кетті. Қазіргі таңда Атырау облысында марқұм Шалқардың атына өзі оқыған мектептен бөлек Индер, Жылыой және Махамбет аудандарында кадет сыныптары ашылған.