ҰҚК Шекара қызметі тамыздағы іс-қимыл нәтижелерін жариялады, - деп хабарлайды newsroom.kz
ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2024 жылғы тамызда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып: шекара кеңістігінде 4 985 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзған адамды ұстады, оның ішінде:
- 36 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін;
- 48 шетел азаматы шекараны бұзуға әрекеттенгені үшін.
Мемлекеттік шекара арқылы 1 746 заңсыз алып өту дерегінің алды алынды, соның ішінде:
- 48 – есірткі заттары;
- 103 – ату қаруы мен оқ-дәрілер (11 түрлі мылтық пен тапанша, 99 бірлік суық қару, 464 оқ-дәрі);
- 27 – діни әдебиет (492 дана);
- 664 – жалпы сомасы 108 миллион теңгеден асатын жанар-жағар май материалдары (107 000 литрден астам);
- 729 – жалпы сомасы 3,5 миллиард теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;
- 175 – жалпы сомасы 1,6 миллиард теңгеден астам валюта.