Жаңалықтар

“Жайлы мектеп” ұлттық жобасы: Алматы облысында заманауи 3 мектеп ашылды

Жаңа мектептерде 3200 бала заманауи жайлы жағдайда оқиды

Алматы облысында  Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында бірден үш жаңа мектептің салтанатты ашылуы өтті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Жаңа мектептерде 3200 бала заманауи жайлы жағдайда оқиды, олардың ата-аналары да білім сапасы үшін алаңдамайтын болды. Биылғы оқу жылында облыстың 468 мектебі 365 404 оқушыны қабылдайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 173-ке артық. Бірінші сынып оқушылары санының өсуі ерекше назар аудартады – биыл мектепке 35 631 жас қазақстандық барады.

Сондай-ақ, ашылу салтанатына ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысты.

Айта кетелік, министр білім беру саласындағы мамандарға сұраныстың артуына байланысты жыл сайын педагогикалық бағыттарға мемлекеттік гранттар саны артып келе жатқанын, 2029 жылға дейін 111 мыңнан астам педагог кадр даярлау жоспарланып отырғанын атап өтті.