Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Такси жүргізушісі төрт баласымен далада қалған әйелге баспана табуға көмектесті

Ер адамның өзі отбасымен 1 бөлмелі пәтерді жалдап тұрады екен

Такси жүргізушісі төрт баласымен далада қалған әйелге баспана табуға көмектесті
Фото: Facebook/ Анна Рыль

Құқық қорғаушы, "Қорғау-Астана" әйелдер мен балаларды қолдау орталығының басшысы Анна Рыль Facebook парақшасында әсерлі оқиғамен бөлісті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Анна Рыль такси жүргізушілерінің жұмысына аса мән бермейтінін айтты. Оның айтуынша, орын алған оқиға оны қатты таң қалдырған.

“Таңертең маған дауысы қарлыққан ер адам телефон соғып, бұл үйсіздерге арналған орталық па деп сұрады. Алғашында ол өзіне орын іздеп жүр екен деп ойладым. Сосын, бұл зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдер мен балаларға арналған орталық дедім. Ол: “иә, маған дәл осы орталық қажет” деді. Ол түнде балаларымен көшеде отырған әйелді кездестіргенін айтты. Ер адамның өзі отбасымен 1 бөлмелі пәтерді жалдап тұрады екен. Оларға жаны ашып, мешітке жеткізіпті. Ол жер жабық болған соң, біздің орталыққа хабарласуды шешіпті”, – дейді әйел. 

Анна Пыльдың сөзінше, ер адам оларды орталыққа әкеліпті.

“Әйел жесір қалған. Түркістан облысынан келген, жәрдемақы алады. Пәтерге төлейтін ақшасы болмаған соң, шығарып жіберген екен. Әрине, бұл біздің санатымызға кірмейді. Дегенмен біз оларды бір апта бойы паналаттық. Әйел жәрдемақы ала салысымен бөлмені жалға алатын болады. Бұл – қиын өмірлік жағдай. Дегенмен бұл санатта жұмыс істейтін  орталықтар жоқтың қасы”, – деді Анна Рыль.