“Өзбек боксшылары келіп бата алып кетеді”: Бекзат Саттархановтың анасы сұқбат берді
Бақтияр Артаевта Олимпиадаға аттанар алдын келіп бата алыпты
Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыкүл Саттарханова "Уақыт көрсетеді" YouTube жобасында сұқбат беріп, Олимпиада алдында жыл сайын өзбек боксшылары Бекзаттың қара шаңырағына келіп, бата алатынын айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz
"Жылда мына менің үйіме Олимпиаданың алдында өзбек спортшылары келеді. Барлық олимпиадаларда тек өзбек балалар келеді. Биыл да келіп кетті"- деді Сырлыкүл Саттарханова.
Сондай-ақ, спортшы Бақтияр Артаевта Олимпиадаға аттанар алдын келіп, бата алыпты.
"Мен Бақтияр Артаевқа батамды берген адаммын. Бақтияр Артаев ата-анасымен келіп, менің батамды алып кеткен болатын.Сен Олимпиада чемпионы болып келесің, Бекзаттан кейінгі чемпион сен боласың дедім. Сонда мен түс көргенмін. Түсімде Бекзаттың жалауы көтеріліп, тіп-тік болып тұр. Қасынан көлденеңнен бір жалау пайда болды. Тілегімнің батасы болды. Бақтияр Артаев олимпиада чемпионы атанды,- деді Бекзат Саттархановтың анасы.