Жаңалықтар

Қазақстанда жол апатына қатысты сот шешімін жасанды интеллект шығармақ

Қазақстанда жол апатына қатысты сот шешімін жасанды интеллект шығаратын болады. Осылайша әкімшілік істер 10 минуттың ішінде қаралып судьялардың жұмысы жеңілдемек. Пилоттық жобаны Жоғары соттың өкілдері енгізді,- деп хабарлайды newsroom.kz

“Іс сотқа жіберілгеннен кейін барлық іс-әрекеттер судьялардың және сот қызметкерлерінің көп уақытын алатын. Сол себептен сот жүйесіне роботтандыруды енгіздік. Жасанды интеллект ӘҚБК-нің 610-бабына сәйкес жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуды қарастырады. Әкімшілік іс 3 күннің орнына 10 минуттың ішінде тез өңделеді және сот актісі бірден күшіне енеді”, – деп мәлімдеді жоғарғы соттың баспасөз қызметі.

Жасанды интеллект осы айдан бастап  бір жарым мыңнан астам істі, жылына 100 мыңнан астам істі қамтиды деп күтілуде.