Қазақстанда жол апатына қатысты сот шешімін жасанды интеллект шығаратын болады. Осылайша әкімшілік істер 10 минуттың ішінде қаралып судьялардың жұмысы жеңілдемек. Пилоттық жобаны Жоғары соттың өкілдері енгізді,- деп хабарлайды newsroom.kz
“Іс сотқа жіберілгеннен кейін барлық іс-әрекеттер судьялардың және сот қызметкерлерінің көп уақытын алатын. Сол себептен сот жүйесіне роботтандыруды енгіздік. Жасанды интеллект ӘҚБК-нің 610-бабына сәйкес жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуды қарастырады. Әкімшілік іс 3 күннің орнына 10 минуттың ішінде тез өңделеді және сот актісі бірден күшіне енеді”, – деп мәлімдеді жоғарғы соттың баспасөз қызметі.
Жасанды интеллект осы айдан бастап бір жарым мыңнан астам істі, жылына 100 мыңнан астам істі қамтиды деп күтілуде.