Паралимпиада-2024: бүгін ел намысын қай спортшыларымыз қорғайды?

Сағат 20:00-де басталатын кешкі сессияда медаль үшін кездесулер өтеді

Фото: ашық дереккөзден

Парижде өтіп жатқан жазғы Паралимпиада ойындарының бірінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар екі спорт түрі бойынша өнер көрсетеді. Жарыстар Астана уақыты бойынша басталады,- деп хабарлайды newsroom.kz

13:20. Пара таеквондо. Әйелдер, 52 кг дейін.

1/8 финал. Милана Красавцева (Қазақстан) — Элизабет Джералдо Диас (Доминикан Республикасы)

Сағат 20:00-де басталатын кешкі сессияда медаль үшін кездесулер өтеді.

23:00. Отырып ойнайтын волейбол. Ерлер, алдын ала тур, А тобы

Франция — Қазақстан

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы Паралимпиада ойындар 8 қыркүйекке дейін жалғасады. Қазақстан атынан спорттың тоғыз түрінен барлығы 44 спортшы қатысады. Ал кеше, 28 тамызда Паралимпиада ойындардың ашылу салтанаты өтті.

Жүктелуде...