Apple барлық дүкендер желісінің жабылғанын мәлімдеді

14 Наурыз, 2020 134 0

Бүгін Apple корпорациясы Қытайдан басқа барлық мемлекеттегі дүкендер желісінің ресми сайтында жариялады, деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі.

Тим Куктың сөзінше дүкендер коронавирус індетінің өршуіне байланысты 27 наурызға дейін қызмет көрсетпейді. Сонымен қатар, барлық қызметкерлер үйде отырып, жұмыс істеп жатыр.

Дегенмен Қытайдағы барлық сауда орындары өз жұмысын жалғастыра береді.

Айта кетейік, сәл ертеректе Apple коронавирусқа байланысты жаңа смартфондардың таныстырылымын онлайн форматта өткізетінін жариялаған. Аталған іс-шарада iOS, iPadOS, macOS, watchOS және tvOS операциялық жүйесінің жаңа нұсқалары ұсынылмақ.

Тегтер: Коронавирус, Қытай, Apple, Презентация, ТимКук, Әлем, Жаңалықтар,

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.