ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!
Түркістанда полиция тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша қарқынды шаралар жүргізіп жатыр.
Түркістан облысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша шаралар жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды newsroom.kz
Түркістан облысында полиция тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша қарқынды шаралар жүргізіп жатыр. Polisia.kz мәлім еткендей, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, құқықтық сауаттылықты қалыптастыру, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту және полицияға деген сенімді арттыру мақсатында тәртіп сақшылары Түркістан облысының аумағында профилактикалық іс-шараларды үнемі жүргізіп келеді.
Мәселен Кентау қалалық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы әлеуметтік-психологиялық қолдау орталығының мамандарымен бірлесіп, профилактикалық есепте тұрған және оларға қатысты қорғау ұйғарымдары шығарылған тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын атқарды. Полицейлер азаматтарға “Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы” Заңын, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өзгерістер мен қабылданып жатқан шаралар туралы түсіндіріп, ақпараттық жадынамалар таратты. Сондай-ақ қорғау нұсқамасы бұзылған жағдайда құқық бұзушы жауапқа тартылатынын ескертті.