Әлем

Жалақысы жоғары елдер жайлы не білеміз?

Әлемдегі жалақысы ең жоғары 15 ел  анықталды. Бұл ақпаратты CEOWORLD magazine сайты мәлімдеді, - деп хабарлайды newsroom.kz 

Деректерге сүйенсек, жалақысы жоғары елдер арасында көш бастап тұрған мемлекет- Швейцария. Бұл мемлекет әлемдегі ең дамыған елдердің бірі. Жылына милиондаған турист келіп тамашалайтын тұмса табиғатқа бай ел. Жалақының  көрсеткіші - 8111 долларды құрайды. 

Екінші орында АҚШ және Люксембург елі.  2011 жылы Mercer халықаралық консалтинг компаниясы жариялаған әлемнiң ең қауiпсiз қалаларының рейтингiнде бiрiншi орын алған Люксембургте  жалақы 6333 доллар. 

Одан кейінгі орындарда  Финляндия және Германия. Финляндия экономикасының негізгі салалары елдің орман қорына негізделе қалыптасқан. Қауіпсіздік деңгейі өте жоғары бұл елде айлық көрсеткіші 4090 долларға жеткен. 

Сондай-ақ, көлік инфрақұрылымы ерекше маңызға ие ел Германия. Сыртқа өнімдер шығару жөнінен дүние жүзінде 2-орын алатын бұл елде айлық көрсеткіші 3984 доллар.

Айта кетелік, мәліметтер бойынша Қазақстанның айлық көрсеткіші - 673 доллар. Теңгемен есептегенде бұл сомма 323 283 теңгені құрайды.