Ұлытау облысында қарулы браконьерлер ұсталды
Ұсталғандар 44-53 жас аралығындағы көрші облыстың тұрғындары болып шықты
Төрт браконьер Ұлытау ауданының аумағында құрықталды. Полиция қызметкерлері «Охотзоопром ӨБ» РМҚК инспекторларымен бірлесіп жүргізген рейд шеңберінде бірнеше адамнан құралған браконьерлік топты анықтаған,- деп хабарлайды newsroom.kz
Тексеру барысында ұсталғандардан «Урал» маркалы екі мотоцикл, 15 ақбөкен еті, 29 дана кесілген мүйіз, 2 бірлік тегіс ұңғылы қару табылды. Ұсталғандар 44-53 жас аралығындағы көрші облыстың тұрғындары болып шықты.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.