“Күйеуін балталап өлтірген”: Талдықорғанда жантүршігерлік кісі өлімі орын алды
Әйелге сот кешірім танытып, оны «үйқамаққа» жіберді
Талдықорған қаласы саяжай қоғамдарының бірінде 17 тамызда жантүршігерлік кісі өлімі болды, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
34 жастағы әйел отбасылық жанжалдан кейін күйеуі ұйықтағанша күтіп, оны балтамен өлтіріп, содан кейін полиция шақырған. Әйел Талдықорғанның уақытша ұстау изоляторында екі күнін өткізді.
Күдікті мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясына «қылмысқа отбасылық жанжал, алкогольді шамадан тыс тұтыну себеп болды» деп мәлімдеді. .
Күйеуін балтамен бірнеше рет шауып өлтірген әйелге сот кешірім танытып, оны «үйқамаққа» жіберді.
Айта кетелік, 20 тамызда әйел өлген күйеуінің анасының қолындағы балаларын алып үйіне қайтты.