Жаңа оқу жылынан бастап бастауыш сынып оқушылары шахмат үйренеді
Оқытушылар арнайы дайындықтан өтіп жатыр
Алдағы үш жылда бастауыш сынып оқушыларының 20%-ына шахмат үйретілмек. Биылдан бастап интеллектуалды ойын жыл сайын 1-4 сынып оқушыларына вариативті сағат ретінде 350 мектепке енгізілмек,-деп хабарлайды newsroom.kz
Бұл KazChess қызметі бағыттарының бірі ретінде шахматты дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарында белгіленген.
Деректерге сүйенсек, оқытушылар арнайы дайындықтан өтіп жатыр. Оған қоса университеттерге де енгізу жоспарда бар.
Сонымен қатар кеше педагогтардың тамыз конференциясында Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова соңғы жылдары мектеп бағдарламасына көптеген жаңа пән енгізілгенін атап өтті. Олардың қатарында «Қаржылық сауаттылық», «Бизнес негіздері» және «Дінтану» бар.