Тоқаев Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапармен келді

Сапар аясында шағын құрамда және екі ел үкіметтері делегацияларының қатысуымен жоғары деңгейде келіссөздер өтеді

Фото: t.me/aqorda_resmi

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапармен келді. Мемлекет басшысын Душанбе әуежайында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қарсы алды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Сапар аясында шағын құрамда және екі ел үкіметтері делегацияларының қатысуымен жоғары деңгейде келіссөздер өтеді.

Сондай-ақ екі елдің cаяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын нығайтуды көздейтін бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

 

 

Жүктелуде...