Жаңалықтар

Бүгін еліміздегі мегаполистердің бірінде жаңбыр жауады

Астана, Алматы мен Шымкентте 22 тамызда ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Алматыда күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 32 градусқа дейін көтеріліп, түнде 16 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,1 м/с болмақ.

Астанада, синоптиктердің болжамынша, өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 21 градусқа дейін жетіп, түнде 12 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 8,7 м/с болады.

Шымкентте бүгін күн ашық болады деп болжанып отыр. Күндіз термометр бағаны 35 градусқа дейін жетіп, түнде 18 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 5,7 м/с деңгейінде болмақ.