Илья Ильин ішімдікке салынды деген Алмас Өтешовті бес айға ауруханға жатқызды

Алмас Өтешевтің өзі «100 теңгең болғанша, 100 досың болсын» деп бекер айтпаған, дейді

Фото: Qaz 365.kz

Ауыр атлетикадан әлемнің 4 дүркін чемпионы Илья Ильин бір командада өнер көрсеткен жерлес досы Алмас Өтешовке көмектесіп жатқанын айтты, деп хабарлайды newsroom.kz порталы qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

«Уәде еткенімдей, мен  Алмастың жағдайын айтып отырмын. Қазір оның жағдайы жақсы. Алмас Астанадағы  оңалту орталығында ем қабылдап жатыр. Ендеше, сауығып кететін осы қиын жолда оған күш-қуат тілейік. Алмас досым клиникада 5 ай ем алады. Оның емделу жолы оңай болмайды. Бірақ біз дайынбыз. Федерация осындағы емін толық қаржыландырып жатыр. Осы оқиғадан басымызды тік көтеріп, жеңіспен шығайық», - дейді Илья Ильин.

Алмас Өтешевтің өзі «100 теңгең болғанша, 100 досың болсын» деп бекер айтпаған, дейді.

«Илья досым келді. Мені емдеп жатыр. Жан дос деген осындай болуы керек, жігіттер. Осындай достарың көп болсын. Жаман нәрсеге жоламайық. Адал жолмен жүрейік. Адал жолмен нан табайық. Аман болайық. Илья Ильин сияқты Олимпиада чемпиондары көбейе берсін. Қазақтың батырлары көп болсын», - дейді Алмас Өтешев.

Жүктелуде...