Теміртауда әскери сарбаздар жаппай уланыпты
Ұлттық ұланның баспасөз қызметі сарбаздардың жағдайы орташа ауыр деп мәлімдеді
Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына 36 әскери қызметші түскен,- деп хабарлайды newsroom.kz
Оның ішінде 31 әскери қызметші алдын ала қойылған ішек инфекциясы диагнозымен және 5 әскери қызметші жіті респираторлық вирустық инфекциялар диагнозымен жатқызылған
Ұлттық ұланның баспасөз қызметі сарбаздардың жағдайы орташа ауыр деп мәлімдеді. Қажетті эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізілген.
Аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүріп жатыр.