Абай Бегей тұрмысқа шыққан 16 жастағы қызына той үстінде тосынсый жасапты

Тойдың кей сәттері Сымбаттың парақшасында жарияланды

Фото: instagram

Әнші Абай Бегей өзінің қызы Сымбат тұрмысқа шықты. Жігіт жақтың тойы Ақтауда өтті,-деп хабарлайды newsroom.kz

Тойдың кей сәттері Сымбаттың парақшасында жарияланды. Құда болып келген Абай Бегей мен оның жары батасын беріп, құрметін көрсетіп, жастар той тойлап жатыр.

Абай Бегей басында қызының тұрмысқа жастай кетуін қолдамаған. Қызын Ақтауда алып қашқан көрінеді. БАҚ-қа берген сұхбатында әнші  қызы жайлы «үлкендер бағын байлама деген соң, рұқсатымызды бердік» деген.

Ұзатуға қатыспаған әнші бүгін той үстінде қызына разылығын білдіріп, жас отбасыға көлік сыйлады. Той кезінде “Маңызды күніңде жаныңнан табылып, қуанышыңа ортақ болғым келді. Мен саған ризамын, қызым” деп ақ батасын берді.

Жүктелуде...