Жаңалықтар

Бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болмақ?

Астана, Алматы мен Шымкенте 21 тамыз күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Алматыда аспан ашық болады. Күндіз ауа температурасы 32 градусқа дейін көтеріліп, түнде 16 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,0 м/с болмақ.

Астанада ауа райы болжамынша, өткінші жаңбыр болады. Күндіз ауа температурасы 21 градусқа дейін жетіп, түнде 12 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,7 м/с болады.

Шымкентте бүгін аспан ашық болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 34 градусқа дейін жетіп, түнде 16 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 5,4 м/с деңгейінде болмақ.