“Өзіне ғашық қылды”: Демеу Жадраев жарымен қалай танысқанын айтты
Қиын кезде қолдау білдіріп, мықты мотивация береді
Париж олимпиадасының күміс жүлде иегері Демеу Жадраев жарымен қалай танысқанын айтып, жұртты тәнті етті. Бұл туралы спортшы Sport+ Qazaqstan YouTube жобасында сөз қозғады,- деп хабарлайды newsroom.kz
- "Жауапкершілігі өте жоғары қыз болды. Сүйкімді болды, сол себептен өзіне ғашық қылды. Неке қиып, шаңырақ көтеріп қазіргі таңда бірге тұрып жатырмыз. Қиын кезде қолдау білдіріп, мықты мотивация береді. Өз-өзіме сенімділігімде арттырды десем болады. Ол кісіге алғысымды білдіремін"- деді спортшы.
Ол өмірлік жарымен бірге спорт академиясында оқыған. Сондай-ақ Демеу Жадраев дайындық болғандықтан айлап үйде болмайтынын айтты.
- "Айлап үйде болмаймын жарым соның бәрін түсінеді. "Қайта маған сборда бола бер, алаңдама, жаттығуыңды жаса,"- деп маған сенімділік береді"- деді Жадраев.
Сондай-ақ, ол сәбиін 5 жыл күткен. Демеу Жадраевтың сөзінше қызы оны өзгерткен.