“Өзіне ғашық қылды”: Демеу Жадраев жарымен қалай танысқанын айтты

Қиын кезде қолдау білдіріп, мықты мотивация береді

Фото: sportplustv.kz

Париж олимпиадасының күміс жүлде иегері Демеу Жадраев жарымен қалай танысқанын айтып, жұртты тәнті етті. Бұл туралы спортшы Sport+ Qazaqstan YouTube жобасында сөз қозғады,-  деп хабарлайды newsroom.kz

- "Жауапкершілігі өте жоғары қыз болды. Сүйкімді болды, сол себептен өзіне ғашық қылды. Неке қиып, шаңырақ көтеріп қазіргі таңда бірге тұрып жатырмыз. Қиын кезде қолдау білдіріп, мықты мотивация береді. Өз-өзіме сенімділігімде арттырды десем болады. Ол кісіге алғысымды білдіремін"- деді спортшы.

Ол өмірлік жарымен бірге спорт академиясында оқыған. Сондай-ақ Демеу Жадраев дайындық болғандықтан айлап үйде болмайтынын айтты. 

- "Айлап үйде болмаймын жарым соның бәрін түсінеді. "Қайта маған сборда бола бер, алаңдама, жаттығуыңды жаса,"- деп маған сенімділік береді"- деді Жадраев.

Сондай-ақ, ол сәбиін 5 жыл күткен.  Демеу Жадраевтың сөзінше қызы оны өзгерткен. 
 

 

Жүктелуде...