Аймақтар

Алматыда мейрамханалардың бірінен өрт шықты

Бүгін Алматының Бостандық ауданында өрт болды. Террассасы бар мейрамхана өртенді, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Төтенше жағдай министрлігі күштері мейрамханадан 6 газ баллонын шығарған. Өрт 350 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. "Өрттің себебі анықталып жатыр", - делінген ресми хабарламада. Төтенше жағдай министрлігі өкілдері азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды.