Жаңалықтар

Маңғыстауда экология талаптарын бұзғандарға 8 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

Табиғат қорғау прокуратурасы экологиялық заңнама талаптарын бұзғандарды анықтады

Маңғыстауда экология талаптарын бұзған компанияға 7,8 миллион теңге айыппұл салынғаны жайында Маңғыстау облыстық прокуратурасы мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz 

Табиғат қорғау прокуратурасы экологиялық заңнама талаптарын бұзғандарды анықтады.

 

"Жер қойнауын пайдаланушы "Жалғызтөбемұнай" ЖШС 2024 жылдың 1-11 қаңтар аралығында экологиялық рұқсатсыз мұнай және ілеспе газ өндірген", - дейді ведомство.

Прокурорлық қадағалау актісімен аталған мекеме Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Айыппұл сомасы 7,8 млн теңге.