Жаңалықтар

Астанаға шұғыл қонған шетелдік ұшақтағы жолаушының жағдайы белгілі болды

Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы ауыр

Кеше Астана әуежайына шұғыл қонған Токио-Цюрих рейсінің жолаушысы жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы  Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

"17 тамызда жедел жәрдем қызметі әуежайдан инсульт алған ер адамды №2 қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізді. Науқас жансақтау бөлімшесіне жатқызылды. Қазір жағдайы ауыр", - дейді министрлік.

Мәліметтерге сүйенсек, 52 жастағы Жапония елінің азаматына "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексінің 88-бабының 5-тармағына сәйкес ем көрсетіледі.

Еске сала кетейік, 52 жастағы жолаушының өмірін сақтап қалу үшін Swissair авиакомпаниясының авиалайнері елордаға шұғыл қонды. Ұшақ бұрылған кезде ұшу-қону жолағынан шығып кетті. Салдарынан әуежай бірнеше сағатқа жабылып, 20-дан астам рейс кешікті.