Нариман Құрбанов сүйіктісіне ұсыныс жасады
Спортшы күзде отбасы құрмақшы
Олимпиада-2024 ойындарының спорттық гимнастикадан күміс жүлдегері Нариман Құрбанов өзінің сүйіктісіне ұсыныс жасады,- хабарлайды newsroom.kz
Құрбановтың қалыңдығы Аида Бауыржанова да гимнастикамен кәсіби түрде айналысады. Екеуі жарыс кезінде 2018 жылы танысқан.
Той биылғы жылдың қыркүйек айына жоспарланған.
Еске сала кетейік, спорттық гимнастикадан Қазақстан әйелдер командасының үздігі Аида Бауыржанова Ташкентте өткен Азия біріншілігінде қола жүлдегер атанып еді.