Бүгін еліміздің екі ірі қаласында жаңбыр жауады
Астана тұрғындарына жаңбыр жауады деп болжануда
Жексенбі, 18 тамызда Астана мен Алматыда жаңбыр жауады, Шымкент тұрғындарын бұлтты ауа райы күтеді. Ауа райы болжамы OpenWeather порталында жарияланды,-деп хабарлайды newsroom.kz
Алматыда бүгін қатты жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз 23 градусқа дейін көтерілсе, түнде 15 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 6,1 м/с болады.
Астана тұрғындарына жаңбыр жауады деп болжануда. Күндіз ауа 23 градусқа дейін жылыса, түнде ауа температурасы 13 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 10,9 м/с.
Шымкентте күн бұлтты болады. Күндіз термометр 29 градусқа дейін көтерілсе, түнде 19 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 6,8 м/с болады.