Жаңалықтар

Ауылдық жерге жұмыс істеуге келген жас дәрігерге 8,5 млн теңге төленеді

Дәрігер мамандығының беделін арттыру, жас мамандарды ауылға тарту үшін мемлекеттік қолдау шаралары күшейтілді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Медициналық жоғары оқу орындарына түсуді ынталандыру және студенттерді оқыту мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі Amanat партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасы шеңберінде 2021 - жылдан бастап жыл сайын барлық деңгейдегі білім алушылар үшін стипендияны 15-20% - ға дейін арттырады. 

Сондай-ақ медициналық колледждердің білім алушыларының да стипендиясы көтеріледі. 2023 - жылдың 1 - қыркүйегінен бастап ол 50% - ға көтерілді. 

Биылғы 1-қыркүйектен бастап қосымша 50% - ға арттыру жоспарда бар. Медициналық кадрларды даярлау және медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев айтты.

Ол дәрігер мамандығының беделін арттыру, ауылдарға жас мамандарды тарту және оларды сонда ұстап қалу үшін мемлекеттік қолдау шаралары едәуір күшейтілгенін атап өтті.