Сүйікті жар болу үшін не істеу керек?

14 Наурыз, 2020 82 0

Сүйікті жар болу үшін сұлулық пен ақылдылығыңызға тәнті етіп, жарыңызды өзіңізге ынтық етуге талпыныңыз. 

Мейлі жылдар өтсін, қыруар жұмыс, күйбең тірлік, бала-шаға тағысын тағы басқалар бола берсін, бір сәтке өзіңізді еркелете біліңіз. Әрі сүйіктіңізге де еркелей түсіңіз. Өзіңізді сыйлап, еріңізге сыйлата біліңіз. Ең алдымен мына қағидаларды ұстаныңыз:

   1. Әр еркектің жүрегіне алып баратын жол - дәмді ас. Асүйге өз қолыңыздан жасалған, жұбайыңыздың сүйіп жейтін тамағын әзірлеңіз. Әдемі ыдыстармен тәбетін ашатындай етіп ұсыныңыз.
  2. Күлімсіреп қарсы алу. Жұмыстан шаршап келген еріңізге, қатулы қабақпен қарсы алмағаныңыз жөн. Өз үйіне асығып, емін-еркін жатуға асығып келген адамды қуана қарсы алған дұрыс.
  3. Тазалық. Күні бойы асүйден шықпай, алба-жұлба болып, қалай болса солай киініп жүрмеу. Еріңіз сізге ту сыртыңыздан қарап, бақылап отыратыны сөзсіз. Сондықтан азғана уақытыңызды өзіңізге арнап, үнемі таза жүріңіз.
  4. Сексуалды тартымды болыңыз. Әйелдің нәзіктігі еркекке қашанда ұнайды. Нәзік қылығыңызбен өзіңіздің одан әлсіз етіп көрсетесіз. Сонда ол көшеден басқа көңілдес іздемейтін болады.
  5. Сенім. Қашанда ер азаматыңызды қолдап отырыңыз. Қандайда бір маңызды әңгіме алдында қолдау білдірсеңіз, өзін күшті сезінеді. Сіздің "саған сенемін" деген сөзіңізбен тау қопаратындай қуатты екенін іштей сезеді. 
  6. Сырласыңыз. Өзге айтпайтын сырын тек сізге ғана ашылып айтады. Сондықтан да оқтын-оқтын досыңызбен  сыр бөлісіңіз. Осы қағидаларды ұстансаңыз, сіз ең сүйікті жар боларыңыз сөзсіз.

Тегтер: Сүйіктіжар, сенім,

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.