Петропавлда қуаттағыштағы телефонның салдарынан үй өртеніп кете жаздады
«Орман» шағын ауданында үш қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде жиһаз жанды
СҚО өрт сөндірушілері пәтердегі өртті 8 минут ішінде сөндірді,- деп хабарлайды newsroom.kz
Бүгін Петропавл қаласының «Орман» шағын ауданында үш қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде жиһаз жанды.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт жедел сөндірілді. Өрттің себебі - ұялы телефон зарядтау құрылғысының қысқа тұйықталуы. ТЖМ электр аспаптарының зарядтау құрылғыларын ұзақ уақытқа бақылаусыз қалдыру қаупі туралы ескертеді, - делінген хабарламада.