Астана әкімдігі жоғары оқу орындарына 850-ге жуық грант бөлді
Грант конкурсы бүкіл ел бойынша өткізіледі
Астана әкімдігі елорданың жоғары оқу орындарына 850-ге жуық білім грантын бөлді. Гранттар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға бағытталған. Грант конкурсы бүкіл ел бойынша өткізіледі, – деп хабарлайды newsroom.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
2018 жылдан бастап Астана қаласының әкімдігі педагогикалық, медициналық мамандықтар бойынша, сондай-ақ гуманитарлық бағыт бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу жобасын іске асыруда.
Бұл жоба кадр тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған. 2024-2028 оқу жылдарына қала әкімдігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 858 білім беру грантын белгіледі.
Астана әкімдігінің білім гранттары еліміздің сегіз жоғары оқу орнында орналастырылды:
- «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ;
- «Астана халықаралық университеті» ЖШС;
- «А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты»;
- «Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы» ЖШС;
- «Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ;
- «А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті»;
- «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» КЕАҚ;
- «Астана медицина университеті» КЕАҚ.
Білім беру грантына конкурсқа еліміздің түкпір-түкпірінен үміткерлер қатыса алады. Білім беру гранттары иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады.